Бейбітгүл Нұрымхожина: «Жүрегім» - ғашықтықтан туындаған ән

Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған Бауыржан Тұрғараевтың «Жүрегім» әні «Саз керуен» жобасында үздік деп танылды.


11:18, 12 ақпан 2016   1204

«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» бағдарламасы қаңтар айының қорытындысын шығарды.

Бір ай бойы, әр бейсенбі сайын тікелей эфирде 12 ән сарапқа салынған болатын.

Тыңдармандар дауысы бойынша әнші Бейбіткүл Нұрымғожинаның орындауындағы Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған Бауыржан Тұрғараевтың «Жүрегім» әні үздік деп танылып, жылдық байқауға жолдама алды.

 «Сұлулыққа жаны құштар адам тез ғашық болады. «Жүрегім» -  ғашықтықтан туындаған ән», дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық радионың 50 жылдығына орай қолға алынған «Саз керуен» жобасы әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-те тікелей толқында эфирге шығады.