«Бүлдірген сай» әні «Саз керуен» жобасының жетінші айналымында жеңімпаз деп танылды

16:29, 13 маусым 2016   1416

  «Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасының жетінші айналымы қорытындыланды. 

12 әншінің жаңа 12 туындысы сарапқа салынған бұл жобада ең көп тыңдалғаны - Манарбек Байтасовтың орындауындағы  «Арман жыр» әні. (1362 рет).

Жанар Рахипованың өлеңіне жазылған «Жеңешем» әнін жеткізген Асылбек Тойлыбаев  1307 дауыспен екінші орында. Бейбітгүл Нұрымхожинаның  өлеңіне жазылған Мәншүк Тұрсынғазинаның орындауындағы «Бүлдірген сай» әні 1066 дауыс жинады.

Үш ән Қазақ радиосының «Алтын қорына» тіркелді.

Жоғарыда аталған әндер Көркемдік кеңестің шешімімен сарапталып, әннің шырқау шеберлігіне, мәтініне, өңдеуінің сапасына назар сала отырып, жетінші айналымда «Бүлдірген сай» әнін жеңімпаз деп таныды. 

Естеріңізге сала кетейік,  «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады. 

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.