Елордада журналистер арасында тұңғыш рет конькимен жүгіруден жарыс өтті (ВИДЕО)

Сайыс «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай ұйымдастырылды.

09:39, 1 ақпан 2016   1113

Коньки спорты бүгінде елімізде бұқаралық сипат алуда. Кәсіби тұрғыдан бөлек, әуесқойлар арасында да зор мәнге ие. Оған дәлел - журналистер арасында өткізілетін жарыстар.

Астанада «Шалқар» ұлттық радиосының 50 және «Алау» мұз айдыны сарайының 5 жылдығына орай елордалық БАҚ өкілдері арасында жарыс өтті.

«Жуырда шаңғы сайысы өтсе, бұл - конькимен жүгіруден журналистер арасында өткізілген тұңғыш жарыс», дейді турнир ұйымдастырушысы Мұхтар Тұртай.

Жарыста олимпиадалық тәртіп бойынша ерлер мен әйелдер жекелей сынға түсті. Соның нәтижесі арқылы үздіктер іріктелді. Басты мақсат – 100 метрлік спринтте озық шығу. Межеде үздік нәтиже көрсеткендер екінші айналымда бақ сынады. Оған жастардан бөлек, ардагер қаламгерлер де атсалысты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.