Құрмаш Ыбышев: «Шалқар» радиосының үнін жастайымыздан құлағымызға сіңіріп келеміз

Дәстүрлі әнші Қ.Ыбышев ұлттық радионы 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.


16:00, 23 ақпан 2016   1053

«Отанымыздың іргесі бүтін болсын. Әр отбасына бақ-береке тілеймін.

Бабаларымыздың жасымен, қанымен келген егемендігіміз тұғырлы болсын. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жұмылып еңбек етейік.

«Шалқар» радиосына биыл 50 жыл толып отыр. Жастайымыздан осы радиодан ән-күй естіп өстік. Содан бері үні әлі күнге дейін құлағымызда. Шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын!».