Оңтүстік Қазақстан облысында «Шалқар» радиосының 50 жылдығына орай «Біз радиомен біргеміз!» атты акция өтуде

Облыстық қуыршақ театрының сыртында Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы қосулы тұр.


17:00, 8 ақпан 2016   1148

Оңтүстік Қазақстан облысында «Біз радиомен біргеміз!»  атты акция  басталды. Қазақ радиосының 95 жылдығы және «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығы меретойы құрметіне орай ұйымдастырылған игі шараға  атсалысушылар қатары көбеюде.

Акцияға қатысушылардың бірі -  облыстық қуыршақ театры. Театр ғимаратының сыртында Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы қосулы тұр.

«Театрға келушілер мен саябақта жүргендер елдегі, әлемдегі жаңалықты осы жерден естіп жатыр. Бұл - бір жағы өзіңнің ұлтыңа деген құрмет», дейді мекеме директоры Бақтияр Спанов.

Сондай-ақ, шара аясында Шымкенттегі «Қырғы», «Самал» «Айна» базарларының басшылығы Қазақ радиосын қосқызу ісін қолға алатындақтарын айтты. Ал, зообақ директоры Нұрғазы Бұхарбаев «Хайуанаттар бағында да ұлттың үнжариясы қосылатын күн алыс емес», дейді.