«Саз керуен» бағдарламасы ел ішіндегі жас таланттарды іздейді

Сөзі маржан, әуені әсем, жүрекке жылы жаңа әнмен тыңдарманды тәнті етемін десеңіз, бізге хабарласыңыз.

12:00, 26 қаңтар 2016   1211

«Шалқар» ұлттық  радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» бағдарламасы ел ішіндегі жас таланттарды іздейді.

Сөзі маржан, әуені әсем, жүрекке жылы жаңа әнмен тыңдарманды тәнті етемін десеңіз, бізге хабарласыңыз. Жолданған әндер радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеуден өтеді.

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар. Электронды пошта: sazkeruen@kaztrk.kz

«Саз керуен» - ұлттық радионың 50 жылдығына арналған жоба. Эфирге әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында шығады.