«Саз керуен» жобасы таланттарды іздейді

Жолданған әндер радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеуден өтеді.

10:02, 20 қыркүйек 2016   3042

«Шалқар» ұлттық  радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы ел ішіндегі жас таланттарды іздейді.

Сөзі маржан, әуені әсем, жүрекке жылы жаңа әнмен тыңдарманды тәнті етемін десеңіз, бізге хабарласыңыз. Жолданған әндер радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеуден өтеді.

Бағдарлама эфирге әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында шығады. Ән байқауы туралы қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.  

Жоба авторы: Айсәуле Бейсенхан.