«Саз керуен» жобасының алтыншы айналымы басталды (АУДИО)

Іріктеу төрт апта бойы жүргізіледі.


17:39, 16 сәуір 2016   2259

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Байқаудың алтыншы айналымы басталды. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылды. Іріктеу төрт апта бойы жүргізіледі.

Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, үздік әуен радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

«Домбырасыз сән қайда?» - «Ханзада» тобы

 «Сағынып жүрмін» - Бижігіт Исмағұлов

 «Көрші қызы» - «Диета.kz» тобы

 «Отыздан асып барамын» - Айқын  Төлепберген

 «Жарқыраған жаңа күн» - Қанағат Жалғасбева

 «Ұлттық ұлан» - Мейірбек Тәңірбергенов

«Туған күн» - Меңдеш пен Ақмарал

 «Тағы, тағы» -  Абай Бегей

«Көршім-ай» - Мақсат Ынтықбаев

 «Қарттар мұңы» -  «Заман тобы»

 «Жаса, қазағым!» -  Дәурен Оқапов

«Шаттығым» - Данияр Мүптеке

Айта кетейік, осыған дейінгі кезеңдерде Бейбіт Қорғанның орындауындағы «Сен қуанышым», Ақбота Керімбекованың репертуарындағы «Ай, ай, жаным» әні, әнші Бейбіткүл Нұрымғожинаның орындауындағы Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған «Жүрегім» әні, Аққу мен Гүлназдың «Бір үйде»,  Есет Сәдуақасовтың орындауындағы «Сыйластық» әні тыңдармандар назарына ілікті.

«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Сондай-ақ, байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.