«Шалқар» радиосының 50 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында конькимен жүгіруден жарыс өтеді

Шара 27 қаңтарға жоспарланған.

14:39, 25 қаңтар 2016   1106

27 қаңтарда елордадағы «Алау» мұз айдыны сарайында БАҚ өкілдері арасында конькимен жүгіруден жарыс өтеді.

Спорттық шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Шалқар» радиосының 50 және «Алау» мұз айдыны сарайының 5 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың басталуы: сағат 12:00-де.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Тіркеу және қосымша ақпарат алу үшін 8 701 654 64 41 нөміріне хабарласа аласыздар.