«Шалқар шабыт» байқауы аясында үздік радиоспектакльдерге дауыс беру жалғасуда

Қорытынды 26 наурызда шығарылады.

17:36, 24 наурыз 2016   1074

«Шалқар» ұлттық радиосының 27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай жариялаған «Шалқар шабыт» байқауына дауыс беру жалғасуда.

Байқауда «Шалқар» радиосының әуе толқынынан өтетін «Шабыт» радиотеатры» бағдарламасы аясында республикалық театр репертуарларынан алынған үздік 12 қойылым бақ сынауда.

Радиотыңдармандар мен интернет қолданушылар үздік радиоспектакльдерге (8 (717)  2 55 33 48 нөміріне қоңырау шалып, сондай-ақ, shabyt.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс бере алады.

Жоба авторы: Толқын Сұлтан.

Дауыс беру қорытындысы 26 наурызда шығарылады.