«Шалқар» ұлттық радиосы «Шалқар шабыт» атты байқау жариялайды

Байқауға «Шалқар» радиосының әуе толқынынан өтетін «Шабыт» радиотеатры» бағдарламасы аясында республикалық театр репертуарларынан алынған үздік 12 қойылым қатыстырылады.

11:15, 21 наурыз 2016   2552

«Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығы және Қазақ радиосының 95 жылдығына орай қазақ драма театрлары арасында  «Шалқар шабыт» байқауы жарияланды. Байқауға «Шалқар» радиосының әуе толқынынан өтетін «Шабыт» радиотеатры» бағдарламасы аясында республикалық театр репертуарларынан алынған үздік 12 қойылым қатыстырылады.

 «Ақбөбек» музыкалық драмасы

«Ана - Жер ана» моноспектаклі

«Әншінің пірі - Әміре» моноспектаклі

«Әттең қысқа өмір-ай» трагикомедиясы

«Біржан салдың монологы»

«Ескі үйдегі екі кездесу» драмасы

«Естайдың Қорланы» спектаклі

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясы

«Қыз Жібек»  музыкалық трагедиясы

 «Қызыл алма» лирикалық комедиясы

«Майдан әндері» моноспектаклі

«Мұқағали» поэтикалық драмасы

Радиотыңдармандар мен интернет қолданушылар үздік радиоспектакльдерге (8 (717)  2 55 33 48 нөміріне хабарласып, сондай-ақ, shabyt.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс бере алады.

Дауыс беру екі апта бойы жүргізіледі. Жоба авторы: Толқын Сұлтан. 

Байқау қорытындысы 27 наурыз Театр күніне орай шығарылады.