«Шалқар» ұлттық радиосының ұжымы қайырымдылық концертін өткізбек

Шара радионың 50 жылдығы және Алғыс айту күніне орайластырылған.


14:33, 29 ақпан 2016   1204

«Шалқар» ұлттық радиосының жартығасырлық мерейтойы аясында және 1 наурыз  - Алғыс айту күніне орай, радио ұжымы «Тұран-Астана» университетінің студенттерімен кездеседі.

Сонымен қатар,  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізбек.

Салтанатты шарада университет басшылығы мен «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген, бас редакторы Серік Сейітман және ардагер журналист Темірхан Момбекұлы сөз сөйлеп, радио қызметкерлері - күйші Сәрсенғали Жүзбай мен Рүстем Жүніс, әнші Жасұлан Наурызбайұлы мен Толқын Сұлтан, айтыскер ақын Нұрмат Мансұр мен Айсәуле Бейсенхан, көркемсөз оқу шебері Марал Жұмагелдіқызы өз өнерлерін ортаға салады деп күтілуде.