«Жан жарым» әні «Саз керуен» жобасының VIII айналымында үздік деп танылды

17:48, 30 қыркүйек 2016   1301

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтайтын «Саз керуен» жобасының VIII айналымы қорытындыланды.

Бұл айналымда shalkarfm.kz сайты арқылы Жанболат пен Жазираның орындауындағы Гүлзина Нұрманованың өлеңіне жазылған Жанар Қожағазинаның «Жан жарым» әні, Болатбек Досыбаевтың орындауындағы Мақсат Ынтықбаевтың «Асыл еркем» әні және Ләззат Қуандықтың орындауындағы «Ана» (Арман Бексұлтан, Серікзат Дүйсенғазин) әні ең көп тыңдалған.

«Шалқар» ұлттық арнасының көркемдік кеңесі туындылардың мәтініне, орындаушылық шеберлігіне, музыкалық өңделуіне қарап, «Жан жарым» әнін үздік деп таныды.

Айта кетейік, VIII айналымда 12 орындаушының 12 жаңа туындысы сарапқа салынды. Жанболат пен Жазира дуэтінің орындауындағы «Жан жарым» әні жылдық байқауға жолдама алып, Қазақ радиосының «Алтын қорына» енді.