Ақан Сатаев Тұмар патшайым туралы фильм түсірмек

14:32, 18 қаңтар 2017   1422

Танымал режиссер Ақан Сатаев сақ патшайымы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильмді түсіруді жоспарлап жүр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Иә, дәл осы киноны түсіруге үлкен ниет бар. Біз әлемдік тарихты өзгерткен тұлғалар туралы тарихи фильмдерді түсіруіміз керек. Осыны тиісті деңгейде, халықаралық дәрежеде жасай алатын болсақ, халықтың көңілінен шығып қана қоймай, фильмге кеткен шығынды да толығымен ақтай аламыз. Ондай картиналарды Таяу Шығыс, АҚШ және тағы басқа елдерге халықаралық прокатқа шығаруға болады», - деді А.Сатаев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.