«Астана Опера» театры Ресейде өнер көрсетті

11:41, 3 ақпан 2017   1233

«Астана Опера» театры Ресейдің халық әртісі, балеттің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың басқаруымен Санкт-Петербург қаласындағы Мариин театрында өнер көрсетті. Әртістер атақты француз балетмейстері Ролан Петидің қойылымындағы ХХ ғасырдың үздік хареографиялық туындысы Морис Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» балетін ұсынды. Гастрольге қазақстандық балеттің жұлдыздары, театрдың жетекші солистері қатысып, Санкт-Петербург көрермендерінің қошеметіне бөленді.

Kaznews.kaztrk.kz