«Астана Опера» жаңа Гала-балет бағдарламасын дайындауда

14:34, 18 қаңтар 2017   1038

Елордалық театрдың әртістер құрамы, сонымен қатар, украиналық және беларустік театрлардан шақырылған солистер - Эллина Походных және Константин Героник 25 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өнер көрсетеді.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, балеттік труппаның көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова  көрерменді қызықты ойларымен қуантпақ.

Гала-концерт бағдарламасына Астанада өткен III Халықаралық балет әртістері байқауының (2016) лауреаттары: Константин Героник және Эллина Походных қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».