БҚО-ның Сырым ауданындағы Алаш музейі қалпына келтіріледі

15:21, 9 ақпан 2017   1467

«Алаш» партиясы мен үкіметінің 100 жылдығы мен Жаһанша Досмұхамедовтің 130 жылдығына орай БҚО-ның Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы Алаш музейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралды ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Өңір басшысы осыған орай аудан әкімі Абат Шыныбековке музей ғимаратын жөндеудің есеп-қисабын жасап, мұқияттауды тапсырды. Облыс әкімі, сондай-ақ, биыл 275 жылдығы кең көлемде аталып өтілетін сөз бастаған шешен әрі ел бастаған көсем Сырым Датұлының музейінде де болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.