БҚО-ның Жаңабұлақ ауылында модельді кітапхана ашылды

10:54, 20 қаңтар 2017   1292

БҚО-ның Жаңабұлақ ауылындағы кітапхана заман талабына сай технологиямен жабдықталып, модельді кітапхана мәртебесін алды, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Кітапхананың жаңа мәртебесі еліміздегі кітапханалармен мығым байланыс орнату, бұрын қол жете бермеген кітап қорымен ауылдағы оқырмандарды қауыштыруға мүмкіндік берді.

Заманауи технологияларды пайдаланып, сұранысқа сай қызмет ұйымдастыру, осы кітапханада отырып басқа да үлкен кітапханалардың кітап қорымен танысып, онлайн конференцияларды өткізуге мүмкіндік толық бар. Оның ішінде өлке әдебиетін насихаттауға кеңінен жол ашылды.