Димаш Құдайберген «Singer» байқауының тоғызыншы кезеңінде ағылшынша ән шырқайды

Қытайдың «Singer - 2017» әншілер додасына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің байқаудың тоғызыншы кезеңінде қандай ән салатындығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16:50, 9 наурыз 2017   1115

Sina weibo әлеуметтік желілерінде байқауға қатысушы әншілердің тоғызыншы кезеңде орындайтын әндерінің тізімі жарияланды. Отандасымыз америкалық Эрик Карменнің 1975 жылғы туындысы «All by Myself» әнін орындайтын болады.

Айта кетерлігі, бұл әнді канадалық әнші Селин Дион 1996 жылы орындап, әлемдік хитқа айналған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың төрт айналымын (сегіз кезең) артта қалдырып, өз жолын жалғастырып келеді. Ал бұл күнде бастапқы жеті әншіден тек үшеуі ғана қалды.

Төртінші айналымда (жетінші және сегізінші кезең) Димаш «Даидидау» әнімен үшінші орын, қытайша «Таң атты» әнімен бесінші орынды иеленді. Төртінші айналымның қорытындысы бойынша Димаш бесінші орынды қанағат тұтып, келесі айналымға жолдама алған еді.

Inform.kz