Димаш Құдайбергенов Канн фестивалінде өнер көрсетеді

15:43, 13 ақпан 2017   1128

Қытайдағы «Singer-2017» xалықаралық байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде ұлттық павильонның ашылуында өнер көрсетеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«17-18 мамыр күндері өтетін Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған павильон Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен орнатылады. Оған Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұжымы да атсалысады. Ұлттық павильонның ашылуына орай университет өнерпаздарының концерті өтеді. Оған Димаш Құдайбергенов те қатысады деген жоспар бар», - деді университет ректоры Айман Мұсақожаева.