Димаш Құдайбергенов Қытайдың танымал телебағдарламасында қонақта болды

14:56, 18 қаңтар 2017   1451

Әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Хунан» телеарнасының танымал шоу бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы әнші өзінің Іnstagram парақшасында хабарлаған.

«Қайырлы кеш, достар! Бүгін Қытай телеарнасының ең беделді кешкілік әзіл шоуы «Куай Лы Да бін иің» түсінікті болу үшін «Қытайдың түнгі студиясы» мені қонаққа шақырды. Селин Дионның «All by myself» әнін көпшілікке арнап, Бибігүл Төлегенова апамыздың «Бұлбұлын» шырқап бердім. Қытайдың ең танымал жүргізушілеріне қазақ тілін үйреттім!», деп жазады әнші.

 

Фото: inform.kz