Димаштың суреті «Men's Health» журналының мұқабасына басылды

15:30, 2 наурыз 2017   1382

Қытайдың «Singer-2017» байқауында бақ сынап жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті Men's Health журналының мұқабасына шықты.  Қытайлық басылымның наурыз айындағы саны интернет дүкендерде 1 наурыздан бастап сатыла бастады. Оның бір данасының бағасы 20 юань (920 теңге).

Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша,  Димаштың жанкүйерлері журналды белсенді түрде сатып алып жатыр. Димаш журналдың фотосессиясында Mitsubishi автокөлігінің жарнамасын жасаған.

Айта кету керек, «Men's Health» журналы - Қытайдың Fashion media компаниясының америкалық Rodale Group компаниясымен бірлесіп шығаратын ай сайынғы ерлер журналы.

Мұнда ерлердің денсаулығы, тұрмыстық кеңестер, сән және мода, спорт және көлік  сияқты мазмұндағы материалдар жарияланады.

Қытайда журналдың алғашқы саны 2003 жылы мамыр айында жарық көрген.