Ең көп табыс алып келген қазақстандық фильмдердің тізімі жарияланды

12:03, 24 қаңтар 2017   1002

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі нарықта сұранысқа ие, өзінің материалдық және материалдық емес дивиденттерін әкеле бастаған табысты қазақстандық фильмдер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 панфиловшы» фильмі - бұл өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокаттың көшбасшысы. Қазақстандағы кассалық түсім 61, 3 млн теңге (11,2 млн рубль) жинаған.

Режиссер Сергей Снежкин түсірген «Көшбасшы жолы» - «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін де табысты жобалардың бірі деп атауға болады. Фильмнің премьералық көрсетілімі Франция, Ресей, Қытай, Грекия және Гонконгта өтті.

Жалпыұлттық прокат көшбасшыларының үздік бестігіне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы енді.

Алғаш рет әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне берілді. Фильм Еуразия халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі деп танылды.

Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы «Оскар» жүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер тізіміне енді. Оңтүстік Кореяда 20-шы Пусан халықаралық фестивалінің «Жаңа ағым» бөлімінде Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Биыл «Оскар» жұлдесін алған режиссер Эдом Джонс пен голливудтік Кэри Гранат «Әміре» фильмін ұсынғалы отыр. Рүстем Әбдірашевтің «Алмас қылышы» («Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ең үлкен тарту болды.