Әнші Ермек Меденов: Арманым – ұлым өскен соң отбасылық ансамбль құру

15:02, 9 наурыз 2017   1121

Әнші Ермек Меденов «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, әнші студияда тыңдармандарға жаңа әнін ұсынды.

Өнерпаз бірнеше ән жаздыру үстінде. Жақын арада бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.

Айта кеткен жөн, өнер әлемінде «Меденовтер  ансамбльі» болатын. Қазіргі таңда бұл отбасылық өнер ұжымы жекелей өнер көрсетіп жүр. Әнші ансамбльдің жабылғанын анасының қаза болғанымен байланыстырды.

Батырхан деген ұлым өсіп келе жатыр. Үш жастан асты. Студияда алғашқы әнді жаздық. Болашақта, музыкалық мектепке берсем деймін. Жұбайым да ән айтады. Арманым – ұлым өскен соң отбасылық ансамбль құру», - дейді әнші.

Әнші саксофоннан бөлек, дудук, кларнет аспаптарында, пианинода, гитарада еркін ойнайды.  Қазіргі таңда аккордеонда ойнауды үйреніп жүр.

Сүйікті әншіңізді сахнада аккордеонмен көріп жатсаңыз, таң қалмаңыз!