Әнші Жаңабай Өтегенов: Жиын-тойларда халық әндеріме жиі таңданыс білдіреді

14:54, 9 наурыз 2017   1221

Әнші Жаңабай Өтегенов «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта  болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Жас орындаушы әзірге бейнебаян түсіруге асықпайды. Себебі, әнші үшін  жаңадан жазылған әндері тыңдарман көңілінен шығуы шарт. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жүктелуі де өнер иесіне маңызды. Дегенмен, шығармашылық тоқтап қалған жоқ. Жаңа әндер жаздыру үстінде. 

«Көктемнің алғашқы күндері «Сен керексің» әнін жаздым. Әннің сөзін Қайнар Алагөзов жазған. Әні Құрал Молжановтікі.  Гастрольдік сапармен барлық қазақстанды аралап, Астанада үлкен концерт бергім келеді. Халық алдында есеп беру кешімді өткізетін уақыт келді. Көп жағдайларда жиындарға, тойларға барғанда кейде елдер таңқалып жатады», - дейді әнші.

Өнер сүйер қауым әншіні тани бермейді. Бірақ, әнін тыңдайтындар көбірек.