Қырғыз режиссері Қазақстан Президенті туралы фильм түсірді

11:51, 1 ақпан 2017   1130

Қырғыз режиссері Омурзак Толобеков Қазақстан Президенті туралы «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильм қырғыз және орыс тілдерінде түсірілген. Авторлардың айтуынша, Н.Назарбаев жас кезінде бірнеше жыл Қырғызстанда жүрген, фильм дәл осы кезеңге арналған.

Туынды 55 минутқа созылады. Картинаны 17 ақпаннан бастап, Қырғызстан кинотеатрларынан тамашалауға болады.