Оралда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның 50 жылдығы мерекеленді

11:56, 3 ақпан 2017   1177

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның 50 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Театр фойесінде филармонияның өткені мен бүгіні туралы деректі фильм көрсетілді. Филармония ұжымын БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің атынан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Шара барысында филармония ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне облыс әкімі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаттарыжәне  басқа да марапаттар табыс етілді.