8 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыр атағына 2 рет ұсынылып, ала алмаған

«Жаутаңдап, қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға Жолыңды тосып ана жүр Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар»


12:16, 15 мамыр 2019   451

Сырбай Мәуленовтің осы өлеңін оқыған сайын көзге жас келеді. Соғыстың қасіретті картинкасы көз алдымызға келеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде Отан үшін от кешіп, жеңіс туын желбіреткен ардагерлер ерлігі біздің жүрегімізден, ой-санамыздан ешқашан өшпек емес. Осы орайда «Құтты қонақ» бағдарламасында ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің жауапты хатшысы Көпболсын Әбдікешұлы қонақ болды.

Әңгіме беташарын ардагерлер ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарынан бастады. Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында, «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары», «Отты жыр, орамды әзіл» деген атаумен кітаптар жарыққа шыққанын айтып өтті. Бұл жинақта майдангерлердің соғыс кезінде басынан кешкен қызықты оқиғалары мен отбасыларына жазған хаттары топтастырылған. Соғыс алаңынан майдангерлер хатты өлең түрінде жазса, оған майдангерлердің жарлары да өлеңмен жауап берген. Осы өлеңдер кітапқа енді.

Соғыста ерлік көрсеткен көп Отандастарымыз өздеріне сай құрметке ие болмаған. 96 Қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Алайда, Қазақстаннан шыққан батырлар саны бұдан әлдеқайда көп. Шын мәнінде, 133 Қазақстандық Батыр атағына ұсынылған. Тіпті 3 рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, ала алмаған батырларымыз да бар. 8 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыр атағына 2 рет ұсынылып, басқа марапаттармен ауыстырылған.