Алматыда дәстүрлі "Бастау" халықаралық кинофестивалі өтеді

17:10, 3 желтоқсан 2019   130

Бүгін Алматыда дәстүрлі "Бастау" халықаралық кинофестивалі басталады. Желтоқсанның 3-і мен 7-і аралығында өтетін VIII Халықаралық "Бастау" фестивалі "Жаңа буын киносы" девизімен өтпек. Шара студенттік және дебюттік фильмдер аясында жүзеге асырылады. Бір ғана студенттік қысқаметрлі фильмдер санатына 21 елден келген 43 қысқаметражды көркем, деректі және анимациялық фильмдер кірген.

Халықаралық "Бастау" кинофестивалінің президенті Сергей Әзімовтің бастамасымен іске асқан дәстүрлі ауқымды жобаның қорытындысы мен жеңімпаздары желтоқсанның 7-сі белгілі болады. Фестивальдің ашылу салтанаты бүгін сағат 19:00-да "Алатау" дәстүрлі өнер театрында режиссер Шарипа Оразбаеваның "Мәриам" фильмімен ашылады. Фестивальдің барлық фильмдері Bekmambetov Cinema кинотеатрлар желісінде көрсетілу жоспарланған.