«Ауылды дамытпай, шаһарда жақсы өмір сүру мүмкін емес»

12:00, 24 қыркүйек 2019   52

«Шалқар» радиосының «Шалқар шаңырағында» бағдарламасында «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясының басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова қонақта болды.

Сұхбат экологиялық мәселелерді шешудегі Коалиция өткізіп жатқан әлеуметтік жобалар, ауыл-аймақтарда тұратын жұмыссыз әйелдерге арналған бағдарламалар жайлы болды.

Еліміздің 14 облысындағы жұмыссыз әйелдерді біріктірген жаңа технологияларды пайдалануды Коалицияның дәрістері арқылы үйреніп, әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы грант ұтып алған, кәсібін дөңгелетіп отырған қарапайым жандар қатысатын Ұлттық форум туралы да әңгімеледі.

«Ауылды дамытпай, ірі шаһарларда жақсы өмір сүру мүмкін емес, өйткені ауыл шаруашылық пен егіндерімізді игеру арқылы жер, су, күн көзін пайдаланып, жаңа технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортамызды аялаймыз, ғаламдық проблемаға айналған – экологиялық мәселелерге назар аударамыз және шешу жолдарын табамыз» ,- деді Салтанат Темірқұлқызы.

Бағдарламаның жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы.

Сұхбатты толығырақ төмендегі сілтеме арқылы «Шалқар» радиосының мұрағатынан тыңдай аласыздар.

http://shalkarfm.kz/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_shanyragynda/1019577