Тойған Ізім: Ауыз әдебиетіміз сахнаға шығуы керек

ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, балетмейстер, педагог-ғалым Тойған Оспанқызы Ізім «Құтты қонақ» бағдарламасына сұқбат берді.


11:54, 14 мамыр 2019   392

Әңгіменің беташары еліміздегі ұлттық биді орындап, насихаттап жүрген өнер ұжымдары мен ансамбльдері жөнінде ашылды. Биші өнердегі жолын бастаған «Алтынай» халық би ансамблі мен «Салтанат» ансамбліндегі өзгерістерге де тоқталды. Сонымен қатар, қазақ фольклорының негізі болған ауыз әдебиеті арқылы жеткен аңыз әңгімелерді сахналау қалай іске асырылады, қазақ биінің бүгінгі күйі қандай деген сауалдарға жауап берді.