Бүгін Нұр-Сұлтанда AstanaMediaWeek басталды

10:00, 11 қыркүйек 2019   168

Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келген іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ашып берді. Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға үш күнге (11-13 қыркүйек) созылады.  

Astana Media Week-тің басты мақсаты - отандық медиа секторды дамыту және саладағы іскерлік қатынастарды аймақтық деңгейде ілгерілету. 2018 жылы AMW бағдарламасына екі мыңнан астам қонақ жиналды. Медиа индустриясының 60 отандық және шетелдік топ-менеджерлері және 50-ден астам өндірістік компаниялар ұсынылды.

Жиынның бірінші күні сериалдық өнімдерді әзірлеу және шығару тақырыбымен, сондай-ақ салық преференциялары, кино прокатының шарттары, мазмұны, фильм өнімінің шығармашылық деңгейі және оның демеушілер үшін тартымдылығы тақырыбымен ерекшеленбек.

Халықаралық спикерлер қатарында Star Media кинокомпаниясының вице-президенті Никита Тринкин, белгілі қытайлық продюсер У Цзян, поляк режиссері және продюсер Дариуш Яблонски және Үндістаннан келген NFDC Халықаралық тарату және маркетинг бөлімінің бастығы Дипли Чаула бар.

Қазақстан атынан: «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Танысбай, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, режиссер және продюсер Рашид Сүлейменов, фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Еуразия теледидар және радио академиясының академигі Алия Увальжанова.

Күннің соңында өндіріс компаниялары үшін продюсерлерден және бағдарлама директорларынан бірқатар семинарлар мен мастер-класстар өтеді. «Қазақстан» РТРК» АҚ жаңа телевизиялық маусымының тұсаукесері өтеді.

12 қыркүйекте AMW аясында Қазақстандағы алғашқы - «ADTribune - Азияның жарнамалық дауысы» атты жарнамалық конференциясы өтеді, онда олар саладағы мәселелер, қиындықтар мен трендтер туралы айтылады. 

Озгур Юрул Түркиядағы ең ірі «İhlasHaberAjansı» ақпараттық агенттігінің өндіріс директоры «әлемдегі ыстық нүктелерде жаңалықтар жасау» бойынша мастер-класс өткізеді.

Екінші күнгі жарнама марафоны «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңа маусымының тұсаукесерімен аяқталады.

Медиа аптаның соңғы күні медиа мазмұндағы трендтерге - интерактивті үдеу, видео-мазмұн эволюциясы, бейімделуі, монетизация тақырыбына арналады. Олар медианы тұтынудың жаңа үлгілері өнімнің мазмұнын қалай өзгертетіні туралы, сандық медиа мониторингі мен сараптамасы туралы, «қазақша сөйлейтін Youtube» туралы.

Алексей Пивоваров, журналист, медиа-менеджер, YouTube-тағы «Редакция» арнасының авторы; Джулия Магас, EPICSTARS блогтар алаңының PR директоры, Мәскеу қаласы; Антон Уткин, Lateral Summer студиясының негізін қалаушы; Дмитрий Радченко, MediaCube.Network желісінің шығармашылық бөлімінің жетекшісі. Алия Исенова, журналист, Isen Show арнасының авторы және жүргізушісі, т.б.