Бүгін жазушы-драматург Р.Отарбаевтың орысшаға аударылған екі кітабының таныстырылымы өтті

16:15, 18 қазан 2019   96

Бүгін Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «И был я подобием твоим» және «Плач Чингисхана» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Екі кітап Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қолдауымен Мәскеудегі «Восточный экспресс» баспасынан шыққан. Тұсаукесерге белгілі ақын-жазушылар, театр және әдебиет сыншылары, қоғам, мәдени қайраткерлер қатысты. Шара барысында әдебиеттанушы Гүлзада Ниетқалиеваның жазушы шығармашылығына арналған зерттеу кітабы таныстырылып, фото көрме және сахналық қойылымдар көрсетілді.

Автордың жекелеген шығармалары бұрын түрік, араб, қытай, неміс, ағылшын, әзербайжан тілдеріне аударылған. Шыңғыс Айтматов Рахымжан

Отарбаевты «ХХІ ғасырдың интеллектуалды прозасының үздік өкілі» десе, Әбдіжәміл Нұрпейісов «қазақ Чеховы» атаған.