Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанды

16:57, 3 желтоқсан 2019   107

Чехия астанасы - Прага қаласында өткен халықаралық «Diamond voice» конкурсынан қызылордалық өнерпаздар табысты оралды.

Халықаралық конкурста 16 жастағылар арасында Арайлым Берік бірінші орын алды. Ал 8-12 жастағы сайыскерлер арасында Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанды.

Қос өнерпаз Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанындағы балалар студиясында тәлім алады. Балалар студиясына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қарагөз Ақдәулетова жетекшілік етеді.