Елімізде азаматтарға арналған үкімет қызметі бала өмірге келген сәттен басталады

Кеше «Құтты қонаққа» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай қонаққа келді. Осы корпарцияның құрылғанына биыл – 8 жыл.

09:32, 9 сәуір 2019   215

Мұрат Жұманбай Қазақстанда 700-ден астам қызмет болса, оның 621-і, яғни, 83%-ы – азаматтық қызметтер екенін атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылдың аяғына дейін қызметтердің 80%-ы, келер жылдан бастап, 90 %-ы электронды қызметке көшетін болады.

Департамент басшысының айтуынша, бір терезе қағидасы қазір орындалды. Сонымен қатар, енді «Бір арыз» қағидасы қолға алынуда.

Бүгінде азаматтарға арналған үкімет қызметі бала өмірге келген сәттен басталады. Яғни бала өмірге келген бетте-ақ, әйел адамға бірден 3 хабарлама келеді.   Бұл да бір қазіргідей зымырап аққан жұлдыздай жедел дамыған заманның көрінісі.  

Аталмыш корпорацияның жаңалығы мұнымен бітпейді. Сондай-ақ, ID паспорт жүйесі қолға алынуда. Яғни, жеке куәлікті бірге алып жүрмей-ақ, мәселелерді шешуге болады. Бұл қолтаңбаны немесе адамның бетін сканерлеу арқылы жүзеге асады.

Айта кететін жайт, бүгінгі күні қызметтердің 63%-ы  электронды түрде қолжетімді.

Сұқбатты толығырақ аудио нұсқадан тыңдай аласыздар.