Гүлтас Сайынқызы: "Қыз - ең қасиетті сөз"

14:30, 11 қыркүйек 2019   95

«ӨНЕГЕ» хабарының бүгінгі санына қаламгер, Назарбаев университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры Гүлтас Сайынқызы қатысты. Отбасы құндылықтарын насихаттап жүрген маман бала тәрбиесіне байланысты ойларын ортаға салды:

«Кезінде қыз баланың тәрбиесі ата-анаға үлкен сын еді. Қыз - ең қасиетті сөз. Қасиетті деп есептелетіні, бүкіл адамзат қыздан тарайды. Бүгінгі үкілеген қыз ертең келін болады. Келін, аяулы жар, асыл анаға айналады, ал ана, әрине, әже деген зор дәрежеге жетеді! Сондықтан баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, отбасында алған тәрбиесіне, тәлім-өнегесіне байланысты» - деді ол.

Шалқар ұлттық арнасынан адамгершілік пен ізеттілікті, инабаттылық пен парасаттылықты дәріптейтін қыз – келіншектерге арналған "Өнеге" хабары жаңа маусымда өз жұмысын бастады.

Әр сәрсенбі сағат 14:00-де тікелей әуе толқынында тыңдарманмен қауышады.

Қыздар арасындағы әңгімеге арқау болатын, толғандырып жүрген мәселелер болса, инстаграмдағы:@lyazzat_teeshbekkyzy мекен-жайына сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар.