Қойшығара Салғараұлы: Әлі де зерттелмеген құнды тарихи ақпараттар бар

Биыл белгілі қаламгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, ғалым, түркітанушы Қойшығара Салғараұлы ағамыз 80 жасқа толды. Осыған орай, жазушы «Құтты қонақ» бағдарламасында қонақ болды.


11:21, 30 сәуір 2019   335

Әңгіме барысында қазақтың шежіресін зерделеп,тарихты басты өмірілік бағыты ретінде алып жүрген қаламгер өзінің шығармашылық жолындағы тарих тақырыбына келуі турасында және түркі тарихын зерттеуі туралы кеңінен тарқатып әңгімеледі.

Әңгімені үзеңгілес досы болған этнограф –жазушы Ақселеу Сейдімбекті  еске алып жалғады. Сағым болған жылдарға көз тастап, өмірде адал достан жолы болғандығы туралы айтты. Халқымыздың тарихына байланысты көп еңбек етіп келе жатқан қаламгер Қытай мұрағатарына Елбасының тапсырмасымен барып,  материал іздеген.

Сондай-ақ, жазушының айтуынша, әлі де зерттелмеген құнды тарихи ақпараттар бар.