ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев: Ақындық маған ана сүтімен келді

Кеше «Құтты қонақ» бағдарламасы жарыққа шықты. Бағдарламаға қонаққа ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев келді.


11:08, 27 наурыз 2019   339

Ол өзінің «Әлемімді әрлеймін өлеңменен» кітабы туралы айтып берді.

«Жалпы, ақындық деген – керемет өзгеше құбылыс. Нағыз ақындар тек қана өлеңмен өмір сүреді. Мен тек қана өлеңмен өмір сүрем десем, өтірік болар еді.  Бірақ, өмірдегі түрлі құбылыстар адамға әсер етіп жатады. Кейбір кезде қабырғаңды қайыстыратын, жүрегіңе тиетін қиянатты жағдайлар да болып жатады. Осының барлығы түнде ұйқыдан оятып немесе таңертең ұйқыдан ерте тұрғызып жаздырады. Осы өлеңдер жинақтала келе, жинақ болып шықты». 

Ақын бағдарламада:

 «Әлемімді әрлеймін өлеңменен,

Өрелісі өнердің өлең деген,

Ақын болу шарт емес дегенменен, 

Ой салсам деп ойлыға үміттенем»,- деп жыр жолдарын оқып берді.

Өзінің ана сүтімен келген ақындығы туралы депутат: «Ақындық маған ана сүтімен келді десем, қателеспеген болар едім. Анам 80-ге келсе де, абысын-ажындарының арасында 2 шумақ әзіл өлеңдер жазып қойып» деп ағынан жарылды.