«Құлқынның құлы» драмасының авторы Тұрлыбек Мәмесейіт «Құтты қонаққа» келді


18:03, 7 ақпан 2019   267

Бүгін «Құтты қонақ» бағдарламасына жазушы, сыншы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Тұрлыбек Мәмесейіт қонаққа келді. Ол өзінің «Құлқынның құлы» шығармасы туралы сөз қозғады. 


Жазушының айтуынша, аталмыш шығарма өмірден алынған. 
«Жер – адамның өмірі, тіршілігі. Қазір жер – өзекті мәселеге айналып отыр. Жекешелендіруге өткеннен кейін, халық «жермен не істейміз?» деп абдырап қалды. Осыдан кейін қалталы азаматтар «жерді игеріп, сіздерге өнімнің белгілі бір мөлшерін беріп отырамыз»,- деп көндіреді. Келіскен адамдар өз жерлерінен айырылып қалады. Ауылға барғанда, күзетіліп тұрған жерлерді көзіміз көрді. Осындай түйткілдерді драма арқылы көрсетсем деген ой келді де, осы ойымды жүзеге асырдым. 
Шығармамды оқыған кейбір оқырман, «осы шығарма арқылы сыбайлас жемқорлық тақырыбы алғаш көтерілген деп баға берді», - дейді сыншы.