«Ой дода» интерактивті радиоойыны

19:00, 9 қыркүйек 2019   152

«Ой дода» радиоойынының бұл жолғы қатысушылары - Қазақстандық блогер, Kerekinfo.kz блог - платформасын құрушы, медиалектор, танымал IT маманы Аршат Ораз, Фриланс-журналист Бэлла Орынбетова, Еуразия ұлттық университеті, журналистика факультетінің 2 курс студенттері, Smm менеджерлері Диана Орынтай, Тілектес Айым және «Ой дода» жобасының авторы, белгілі журналист - зерттеуші, радиоойынымыздың тұрақты сарапшы маманы Мейрамхан Жапек.

«Ой дода» интерактивті радиоойынының негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық өрісте сауатты және қауіпсіз әрекет етуді үйрету. Және ойыншылардың медиасауаттылық саласындағы білім деңгейін анықтау.

Бағдарламаның жүргізуші - редакторы Гүлнұр Омарханқызы.