Омбы қаласында этникалық қазақтардың басын қосқан бизнес-форум өтті

18:00, 8 қараша 2019   50

Омбы қаласында этникалық қазақтардың басын қосқан бизнес-форум өтті. Аталған шара шет елде тұратын этникалық қазақтар және сол елге қоныс аударған отандастармен байланыс орнату жөнінде Тұңғыш Президент–Елбасы берген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында құрылған «Отандастар қоры» бағдарламасының бір бөлігі, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Басқосуда «Отандастар қоры» бірінші вице-президенті Талғат Адуов форумға қатысушыларды қор құрылымы мен механизмдері туралы айтып берді. Әсіресе әлемдегі қазақ диаспорасын біріктіретін құрамына «Атамекен» іскерлік үйін мен «Абай» мәдени үйі кіретін «Qazaq House» мәдени- іскерлік үйі жобасына ерекше назар аударды.

Бизнес форумға қатысушылар жиын соңында Омбы өңірі қазақтарының облыста «Абай» мәдени үйінің құрылуына қолдау көрсетуге, «Отандастар» қоры ұйымдастыратын іс-шаралар мен жобаларға қатысуға және бизнес ынтымақтастыққа қатысты өз ұсыныстарын әзірлеуге ықылас білдірді.