"ӨНЕГЕ" хабары: Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі


12:15, 4 қыркүйек 2019   35

Жаңа маусымда Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға аналар мен қыз-келіншектерге арналған «ӨНЕГЕ» хабары жол тартты. Адамгершілік пен ізеттілікке, инабаттылық пен парасаттылыққа үндейтін жаңа бағдарлама әр сәрсенбіде 14.00-де тікелей әуе толқынына шығады.

*Елімізге белгілі үлгі тұтар аналарымыз бен өнер және қоғам қайраткерлерінің салихалы әңгімесі;

*Ұлттың руханиятына, мәдениеті мен әдебиетіне қалтқысыз еңбек етіп жүрген қайраткерлердің отбасылық құндылық пен қыз бала тәрбиесіне қатысты замандастары мен ұрпаққа айтары Ләззат Тиішбекқызының жаңа «Өнеге»бағдарламасында;

Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын бағдарламаның алғашқы санына әлеуметтік желідегі дауыс беру нәтиже бойынша қыздар тәрбиесіне байланысты блог жүргізетін тренер-журналист Данияр Есен қатысты. Қыздар тәрбиесіне байланысты лекция оқып, тренинг өткізіп жүрген журналист адам баласының тәрбиесіндегі алтын діңгегі - отбасындағы ата-ананың, әсіресе әкенің қыз бала тәрбиесіндегі рөлі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Тікелей әуе толқыны арқылы тыңдарман сауалдарына жауап берді.