Өтеген Оралбайұлы: Наурыз мерекесін алғаш қазақ жеріндегі тайпалық одақтар мен ордалар тойлаған

Бүгін «Құтты қонақ» бағдарламасына ақын, публицист, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлы келді


16:19, 14 наурыз 2019   189

«Жаңа жылымыз Наурыздың 14 күні кіреді. Ал 22 наурыз – күн мен түннің теңелетін күні. Сондықтан, болашақта Көрісу күнін бүкіл Қазақстан бойынша атап өтуіміз керек. 
Наурыз сөзінің шығу тарихын зерттегенде шығыс, парсы тілдерінен шыққан деп айтып жатамыз. Бірақ, наурыз мерекесін тойлау қазақ жеріндегі халықтарда пайда болды. 
2000 жыл бұрын парсы халықтарының Сыр бойында отырғаны рас, бірақ мерекенің шығу төркінін парсылардан шығарудың қажеті жоқ. Бұл түбі қазақтан шыққан ұлттық мерекеміз», дейді Өтеген Оралбайұлы.