Р.Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған «Намыс пен Рух» атты шара өтті

18:01, 8 қараша 2019   60

Елордада әйгілі батыр Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған «Намыс пен Рух» атты рухани-патриоттық iс-шара өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске алу кеші Рейхстагта Жеңіс туын желбіреткен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен: «Қошқарбаевтың фашистерге қарсы соғыстағы ерліктері қазіргі ұрпақ үшін үлгі болуы тиіс» деді.

Кеш Оқушылар сарайының қабырғасында жалғасты. Елордалық театр әртістері соғыс жылдарында ерлiк пен қаһармандық көрсеткен батырлар туралы қойылым көрсетті, қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды.