Шалқардың кешкі жаңалықтары


18:14, 8 қазан 2019   63

  • Шағын және орта бизнес субъектілерін салықтан босатудан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шағын және орта бизнес субъектілерін салық төлеуден босатқаннан кейін елорда бюджеті 40-50 млрд теңгеге қысқарады. Іс жүзінде бұл, күтілетін нәтиже еді. Бірақ, қала халқын тарту үшін, адамдар көптеп бизнеспен айналысуы үшін мәжбүрлі шара. Онда тұрған ешқандай трагедия жоқ», - деді Президент. Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл мәселелер 15 қазан күні өтетін экономика жөніндегі кеңесте жан-жақты талқыланатын болады.

 

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтанда 200-ден астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 130-ы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қалада өтіп жатқан іс-шаралар жастарды кең ауқымда қамтуға бағытталған. Атап айтқанда, қазан-караша айларында ІТ, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушыға арнап тренингтер өткізеді. Тегін дәрістер жыл соңына дейін әр дүйсенбі және сейсенбі күндері «Жанұя» отбасын қолдау орталығында өтеді. «Қазақстаннын киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасының шеңберінде елорда түрғындары мен қонақтарына қаланың тарихи-мәдени жерлеріне тегін экскурсия ұйымдастырылады. Экскурсияны әр сәрсенбі сайын кәсіби гидтер жүргізеді. Бағдарламаның аясында Астаналық саябақта жаңа «Kunshyaq» инклюзивті алаңының ашылғанын атап өту керек.

 

  • Енді Венгрия Түркі кенесінің ресми мүшесі болады. Бұл жайында Будапешт сауда-өнеркәсіп палатасы басқармасының мүшесі Ковач Йозеф Ташкентте өтіп жатқан Түркі бизнесі мен инвестициялық форумында айтты. Аталған жиынға Түркі кеңесіне мүше және бақылаушы елдерден 500-ден аса кәсіпкер қатысып жатыр. Түркі кенесі 2009 жылы Әзірбайжанның Нахичеване қаласында құрылған. Кеңестің максаты - мүше елдер арасында бизнес әріптестікті дамыту. Бертінге дейін оның мүшелігінде Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия болды. 2019 жылдың қыркүйек айында Өзбекстан Түркі кеңесіне мүшелікке қабылданды, - деп хабарлайды БАҚ.кз.

 

  • Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшілерді рухани тәрбиелеу, олардың әдеби танымдарын кеңейту және отаншылдық сезімдерін арттыру, сондай-ақ Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов атындағы шекара заставасымен және елдің шығыс шебімен ақындар мен жазушыларды таныстыру, шекара маңындағы халықты шекараны бірлесіп қорғауға шақыру мақсатында Зайсан қаласында орналасқан 2017-ші әскери бөлімінің қосындарына Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің шығармашылық сапарын ұйымдастырды. Сапар барысында қаламгерлер Зайсан шекара жасағының даңқ музейін, кітапханасын аралады. Сондай-ақ "Ақжар" шекара комендатурасы орналасқан Ақжар ауылының мәдениет үйінде, "Қаратал" шекара комендатурасы орналасқан Қаратал ауылының мәдениет үйінде ауыл халқымен және әскери қызметшілермен кездесулер өткізілді.

 

  • Елордада бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz. Күн тәртібінде түркі әлемінің танымал ғұламалары - әл-Фарабидің 1150, Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында медресе-колледждерде, "Нұр-Мүбәрак" университетінде, Ислам институтында, мешіттердегі діни сауат ашу курстарында әл-Фараби, Абай оқуларын ұйымдастыру шараларына қатысты жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар, республикалық ІІІ –ші имамдар форумында қабылданатын құжаттардың мәтіні пысықталды.

 

  • Қарағандыдағы триатлон-паркте Нью-Йоркте Сергей Деревянченконы жеңген Геннадий Головкиннің құрметіне даңқ жұлдызы пайда болды, деп жазады Prosports.kz. «Осы жексенбіде отандасымыз және жерлесіміз GGG теледидар алдына күллі қазақстандықтарды тағы жинап, жүрегімізді тебірентті. Қазақстан халқы тағы да жеңіс тойын тойлады. Гена  IBF және IBO тұжырымдарының белбеулерін қайтарып алды. Триатлон-паркте біздің құрылыс компаниямыздың басқарма басшысы Айдос Мұқатаев пен Олимпиада жүлдегері Дмитрий Карпов Геннадий Головкин атындағы алғашқы Даңқ жұлдызын ашты», - деп жазды құрылыс компаниясы.