«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:41, 21 қазан 2019   65

24-25 қазан күндері Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді. *** Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді. *** Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылдың қыркүйегінен бастап барлық қалалық мектептер жан басына қаржыландыруға ауысатындығын айтты. *** Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетіні туралы хабарлады. *** Түркістан облысының Келес ауданында батагөй қариялардың «Атаң берген ақ бата» атты байқауы өтті. *** Қытайдың Фучжоу қаласында өткен VI халықаралық "Жібек жолы" кинофестивалінің жабылу салтанатында әнші Димаш Құдайберген қазақтың халық әні "Самалтауды" шырқады. ***