«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:22, 4 қараша 2019   62

Бүгін өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жаңа оқу жылынан волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артатындығын айтты.

***

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырауда қоғамдық көлікке жолақы төлеу 85 пайыз электрондық түрде жүргізілетіндігін хабарлады.

***

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды.

***

Бүгіннен бастап "Хабар" телеарнасынан Ауған соғысы ардагерінің тағдыры туралы "Кебенек" атты отбасылық драманы көруге болады.

***

Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде татуласу орталығының тұсауы кесілді.

***

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда қарашаның 4-інен 5-іне қараған түні қар аралас жаңбыр жауады.