«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:22, 8 қараша 2019   65

Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын Қазақстан Республикасында атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жөніндегіВедомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

***

Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай Ұлттық кітапханада басылымның тарихы мен келешегі туралы ғылыми конференция өтті

***

Елордада «Латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби жобалары» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық және әдістемелік жұмыс топтарының біріккен семинар-кеңесі өтті.

***

Елордада өтіп жатқан ІІ Қазақстанның ауыл әйелдері форумында Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нелсьон Қазақстанның болашағы зор екенін айтты.

***

Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында жаз жазушы Торғын Жолдасбекқызының оқырмандармен кездесуі болды.

****

Бүгін Алматыдағы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті Төлеу Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының ұйымдастыруымен сәулетші-ғалымдар Малбағар Меңдіқұлов пен Төлеу Бәсеновтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы: сәулет шеберлігінің кезеңдері» атты көрменің ашылуы болды.