«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:30, 15 қазан 2019   70

· Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммиті өтіп жатыр.

· Бүгін елордада Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінің жұмысы басталды.

· Бүгін Алматыда көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

· Бүгін Жезқазған қаласындағы Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында халықаралық театрлар фестивалі басталады, деп хабарлайды БАҚ.КЗ.

· Бүгін және ертең Камералық зал сахнасында "Астана Операның" ең танымал жобаларының бірі – "Экран әуендері" ұсынылатын болады.