«Шалқардың» кешкі жаңалықтары


18:02, 16 қазан 2019   70

Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді.

***

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов темекі мен алкоголь өнімдерін сатушыларға қосымша салық салып, одан түскен қаражатты Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру қорына аударуды ұсынды.

***

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

***

Көкшетауда белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толу құрметіне байланысты «Кербез Көкшенің ақиығы – Сәкен Сейфуллин» атты ғылыми конференция өтті.

***

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

***